Бұл мақалада Қазақстан мен Өзбекстандағы ұлттық этносаясат модельдеріне екіжақты өзара іс-қимыл контекстінде салыстырмалы институционалдық талдау жүргізіледі. Зерттеудің эмпирикалық негізін құқықтық құжаттар, этникалық құрам мен халықтың қоныстану ерекшеліктері жөніндегі ресми статистикалық деректер, сондай-ақ этномәдени және білім беру инфрақұрылымы туралы мәліметтер құрайды. Зерттеу нәтижелері этникалық құрылымы көпэтносты болуына қарамастан, екі елдің этностарды қоғамдық-саяси кеңістікке кіріктірудің институционалдық логикасы тұрғысынан ерекшеленетінін көрсетті. Қазақстанда анағұрлым формалданған әрі өкілдік сипаттағы модель қалыптасқан болса, Өзбекстанда орталықтандырылған әкімшілік үйлестіру мен мәдени интеграцияға басымдық беріледі. Зерттеу барысында қазақ-өзбек қатынастары эволюциясының үш кезеңі айқындалып, 2017 жылдан кейінгі кезеңге ерекше назар аударылады. Бұл кезең гуманитарлық және этномәдени ынтымақтастықтың институционалдануының қарқын алуымен сипатталады. Сонымен қатар шекара маңындағы этникалық қауымдастықтардың және гуманитарлық бастамалардың жасырын сипаттағы қақтығыс тәуекелдерін төмендетудегі рөлі қарастырылады. Зерттеу нәтижелері институционалдық құрылымның этносаралық тұрақтылықты қалыптастыруға ықпал ету тетіктерін түсінуге үлес қосады және Орталық Азиядағы этносаралық келісім мен екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған практикалық ұсынымдар әзірлеуге негіз болады.
4.9.2026
National models of ethnopolitics in Kazakhstan and Uzbekistan: Institutional differences and bilateral dimension. Eurasian Research Journal, (2026). 8(2), 140-162. https://doi.org/10.53277/2519-2442-2026.2-02