«Орталық Азия бестігі елдерінде конфликтологияны институттандыру: теориядан практикаға дейін» тақырыбындағы ғылыми семинарлар ұйымдастырылды

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 30 жылдығына орай 2026 жылғы 27–30 сәуір аралығында «Орталық Азия бестігі елдерінде конфликтологияны институттандыру: теориядан практикаға дейін» тақырыбында ғылыми семинарлар ұйымдастырылды.
Ғылыми семинарлар әлеуметтік және гуманитарлық саладағы зерттеушілерге Орталық Азия елдеріндегі конфликтологияны институттандырудың теориялық, әдіснамалық және қолданбалы аспектілерін кешенді түрде талдауға бағытталды.
Семинарларға спикер ретінде Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ философия кафедрасының меңгерушісі, PhD, конфликтолог Сымбат Шакиров, Қазақстан халқы Ассамблеясы Медиация кеңесінің төрағасы, кәсіби медиатор Шерзод Пулатов, ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының жетекші ғылыми қызметкері, қауымдастырылған профессор, PhD, саясаттанушы Нуркен Айтымбетов және Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті дінтану кафедрасының доценті, PhD, дінтанушы Бурханадин Абдилхаким қатысты.
Семинарлардың модераторы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ философия кафедрасының доцент міндетін атқарушы, ғылыми жоба жетекшісі Асан Амангельдиев болды.
Іс-шараға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Болгариядан зерттеуші ғалымдар мен білім алушылар, Қазақстан халқы Ассамблеясының кәсіби медиаторлары және аталған салаға қызығушылық танытқан сарапшылар қатысты.
Семинар қатысушыларына сертификаттар берілді.

Семинарлардың бейнежазбаларын төмендегі сілтемелер арқылы көруге болады:

Сымбат Шакиров. Орталық Азиядағы конфликтологияның даму стратегиялары: интеграция және қауіпсіздік – https://www.youtube.com/watch?v=jvP_hngglXA

Шерзод Пулатов. Медиация және этномедиация: аймақтық тәжірибелер – https://www.youtube.com/watch?v=QnKdm7dUj2g&t=6s

Бурханадин Абдилхаким. Орталық Азиядағы дағдарыстардың діни факторы: Деобандизм мен Талибан үлгісінде – https://www.youtube.com/watch?v=0XUPMq9GSbE&t=1s

Нуркен Айтымбетов. Мемлекет және азаматтық қоғам: конфликтіні басқару модельдері – https://www.youtube.com/watch?v=P2uWx4YPYPY&t=1s

 

Ғылыми семинарлар сериясы AP26197871 «Орталық Азия бестігі елдеріндегі конфликтологияны институцияландыру мәселесі: жағдайы және даму стратегиясы» (2025–2027 жж.) ғылыми жобасы аясында ұйымдастырылды.