Ашхабад қаласында зерттеу тәжірибесімен алмасуға арналған халықаралық ғылыми семинар өтті

Ашхабад қаласындағы іссапар барысында жұмыс тобы мүшелері Түрікменстан Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық қатынастар институтында ұйымдастырылған ғылыми семинарға қатысты. 
2026 жылдың 14 мамырында өткен халықаралық ғылыми семинарға жоба жетекшісі Асан Амангелдиев, философия кафедрасының меңгерушісі Сымбат Шакиров және ғылыми қызметкер Шерзод Пулатов спикер ретінде қатысты.
Түркіменстан-Қазақстан ғылым және білім ынтымақтастығын кеңейту аясында ұйымдастырылған шараға Түркіменстан Сыртқы істер министрлігі Халықаралық қатынастар институтының халықаралық құқық және салыстырмалы құқық кафедрасының студенттері, аспиранттары мен оқытушылары үлкен қызығушылықпен қатысты.
Ғылыми семинарда негізгі зерттеу бағыттары, заманауи профилактикалық дипломатияның қыр-сырлары, аймақтық қауіпсіздік жағдайында этносаяси процестерді тиімді басқарудың маңыздылығы туралы ақпарат ұсынылды. Шерзод Пулатов халықаралық тәжірибеде мәдениетаралық қарым-қатынастардың өсіп келе жатқан рөлі және бейбіт диалог мәдениетін ілгерілету туралы сарапшылық пікірлерімен бөлісті.
Баяндамалар болашақ халықаралық құқық мамандарының қызу қызығушылығын тудырды. Интерактивті пікірталас аясында студент жастарды толғандырған барлық сұрақтарға жан-жақты әрі білікті жауаптар берілді.

Толығырақ: https://www.iirmfa.edu.tm/ru/sahypa/halkara-hukukcylar-ucin-gecirilen-okuw-sapagy_4013