«Орталық Азия бестігі елдерінде конфликтологияны институттандыру: теориядан практикаға дейін» тақырыбындағы ғылыми семинарларға қатысуға шақырамыз

 

Құрметті әріптестер және білім алушылар!

 

Сіз(дер)ді 2026 жылдың 27-30 сәуір аралығында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 30 жылдығы аясында онлайн форматта өтетін «Орталық Азия бестігі елдерінде конфликтологияны институттандыру: теориядан практикаға дейін» тақырыбындағы ғылыми семинарлар сериясына қатысуға шақырамыз.

Ғылыми семинар әлеуметтік және гуманитарлық саладағы зерттеушілерге Орталық Азия елдеріндегі конфликтологияны институттандырудың теориялық, әдіснамалық және қолданбалы аспектілерін кешенді түрде талдауға бағытталған.

Семинарда келесі мәселелер қарастырылады:

  • Орталық Азия елдерінде конфликтология ғылымының даму стратегиялары, өңірлік интеграция үдерістері мен қауіпсіздік архитектурасының өзара байланысы;
  • Медиация және этномедиация институттарының қалыптасуы, олардың аймақтық тәжірибедегі ерекшеліктері мен этносаралық қатынастарды реттеудегі тиімділігі;
  • Орталық Азиядағы дағдарыстық үдерістердің діни факторлары, соның ішінде Деобандизм мен Талибан қозғалысының ықпалы контексінде талдау;
  • Мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының өзара әрекеттестігі, әлеуметтік қақтығыстарды басқарудың заманауи модельдері мен механизмдері.

 

Модератор:

Асан Амангельдиев – PhD, ғылыми жоба жетекшісі, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ философия кафедрасының доцент м.а.

Спикерлер:

  1. Сымбат Шакиров – PhD, конфликтолог, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ философия кафедрасының меңгерушісі.
  2. Шерзод Пулатов – кәсіби медиатор, Қазақстан халқы Ассамблеясы Медиация кеңесінің төрағасы;
  3. Нуркен Айтымбетов – PhD, саясаттанушы, ҚР ҒжЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының жетекші ғылыми қызметкері, қауымдастырылған профессор.
  4. Бурханадин Абдилхаким – PhD, дінтанушы, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті дінтану кафедрасының доценті.

Ғылыми семинарлар сериясы AP26197871 – «Орталық Азия бестігі» елдеріндегі конфликтологияны институцияландыру мәселесі: жағдайы және даму стратегиясы» (2025-2027 ж.) ғылыми жобасы аясында ұйымдастырылады.

Семинар қатысушыларына сертификат беріледі.

 

«ОРТАЛЫҚ АЗИЯ БЕСТІГІ ЕЛДЕРІНДЕ КОНФЛИКТОЛОГИЯНЫ ИНСТИТУТТАНДЫРУ: ТЕОРИЯДАН ПРАКТИКАҒА ДЕЙІН»

тақырыбындағы ғылыми семинар бағдарламасы

Күні мен уақыты

Спикердің

аты-жөні

Тақырып атауы

Қосылу сілтемесі

27.04.2026 ж.

15:00 сағ.

Сымбат Шакиров

PhD, конфликтолог, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ философия кафедрасының меңгерушісі

Орталық Азиядағы конфликтологияның даму стратегиялары: интеграция және қауіпсіздік

 

 

https://us05web.zoom.us/j/89350440721?pwd=ObMRK700wcaa7O0DYuKIdGKV4G2bZ3.1

 

Идентификатор конференции: 893 5044 0721

Код доступа: 123456@

28.04.2026 ж.

15:00 сағ.

Шерзод Пулатов

кәсіби медиатор, Қазақстан халқы Ассамблеясы Медиация кеңесінің төрағасы

 

Медиация және этномедиация: аймақтық тәжірибелер

 

https://us06web.zoom.us/j/87367767289?pwd=isWuaOsG9cUuqvDUlsb7eqIfasuOPa.1

 

Идентификатор конференции: 873 6776 7289

Код доступа: 123456@

 

29.04.2026 ж.

15:00 сағ.

Бурханадин Абдилхаким

PhD, дінтанушы, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті дінтану кафедрасының доценті

 

Орталық Азиядағы дағдарыстардың діни факторы: Деобандизм мен Талибан үлгісінде

 

 

https://us06web.zoom.us/j/89545877204?pwd=jhInsvXVyeRCu33tHyWKKmOWD9i1QJ.1

 

Идентификатор конференции: 895 4587 7204

Код доступа: 123456@

30.04.2026 ж.

15:00 сағ.

Нуркен Айтымбетов

PhD, саясаттанушы,

ҚР ҒжЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының жетекші ғылыми қызметкері, қауымдастырылған профессор

Мемлекет және азаматтық қоғам: конфликтіні басқару модельдері

 

 

https://us06web.zoom.us/j/81887983438?pwd=Jmb2mclE4Tk6FZbg44VuPxLnEY2CrK.1

 

Идентификатор конференции: 818 8798 3438

Код доступа: 123456@

 

Байланыс үшін:

 +7702-5486824

kazak_abzal@mail.ru